«SENIM» кәсіподағы шахматтан жарыс өткізді

Тәуелсіздік күніне орай Қызылордада «SENIM» кәсіподағының облыстық филиалы ұйымдастыруымен денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлері арасында шахматтан облыстық жарыс өтті.

Жарыс нәтижесімен ерлер мен әйелдер арасында белгіленген жүлделі 3 орын иегерлеріне салалық кәсіподақтың Дипломдары табысталды.

Жарыста топ жарып, үздік ойын көрсеткен Облыстық балалар ауруханасының дәрігері Ә.Сәтбаев, Облыстық көпбейінді ауруханасының дәрігері Ж.Изнатов және Қармақшы аудандық ауруханасының дәрігері А.Бұлақбаева мен Жалағаш аудандық ауруханасының мейірбикесі А.Айтуароваға медициналық қызметкерлер арасында шахматтан өтетін республикалық турнирге қатысуға жолдама берілді.