«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясын қолдау шаралары жалғасуда

25 қараша бүкіл әлемде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күні» атап өтіледі. Елімізде атаулы акция 25 қарашада бастау алып, 10 желтоқсан – «Адам құқықтары күніне» дейін жалғасады.

Қазақстанда Халықаралық Еңбек Ұйымының «Жұмыс орнындағы зорлық-зомбылыққа және кәсіпорындардағы жұмысшыларға қысым көрсетуге тыйым салу» №190 Конвенциясының қағидаттарын ілгерілету мақсатында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ-нің Түркістан облыстық филиалының «Түркістан аумақтық балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Алтынай Абдураимова кәсіподақ мүшелерімен жиын өткізді.

Жиында нәзік жандыларға қатысты зорлық-зомбылықтың жолын кесу, әйелдердің құқықтық білімін арттыру, ұрпақ тәрбиесі және өзге де мәселелер сөз болып, ұжым қызметкерлері ойларын ортаға салып, сұрақ-жауаппен аяқтады.