«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында «SENIM» кәсіподағының Қызылорда облыстық филиалы жанындағы еңбеккер әйелдер комиссиясы отырыс өтті.
Акцияға Қызылорда полиция басқармасының Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобы инспекторы Ерболат Әйгерім, аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің еңбеккер әйелдер ісі жөніндегі комиссия төрайымы Майра Боранбаева, комиссия мүшелері, кәсіподақ белсенділері қатысты.
Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлері кәсіподағының сырбойылық белсенділері еңбек саласындағы зорлық-зомбылық пен алымсақтықтың алдын-алу мәселесін талқылады. Акцияға үн қосу отырысында салалық кәсіподақтың облыстық филиалы жанындағы әйелдер ісі жөніндегі комиссия төрайымы Гүлжан Абсатова «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясының өткізілу мақсаты мен оны қолдау шаралары туралы ақпарат беріп өтті.
Полиция инспекторы қазіргі күнге аймақта құқық қорғау органдарымен әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар барысынан хабардар етті.
Халықаралық еңбек ұйымының «Еңбек саласында зорлық-зомбылық пен алымсақтықты жою туралы» №190 Конвенциясын ратификациялауға жәрдемдесу мен зорлық-зомбылықты жоюдың құқықтық негіздерін нығайту мәселелері туралы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің еңбеккер әйелдер ісі жөніндегі комиссия төрайымы Майра Боранбаева сөз қозғады.
Отырысқа қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, кәсіподақтар жүйесінде кәсіподақ мүшелеріне психологиялық көмек жасауда, жұмыс берушілермен келіссөздер жүргізуде кәсіби психологтардың жұмысы қажет туралы ұсыныс білдірді.