2021 жылғы 8 желтоқсанда Қарағанды облысы ауылшаруашылық, қайта өңдеу және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының төрайымы Кеңескүл Жүзбайқызы, орынбасары Дархан Жүзбаев Бұхар Жырау ауданында болып, жаңа тағайындалған Қарағанды облысы ауылшаруашылық, қайта өңдеу және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің кәсіподағының Бұхар Жырау ауданы филиалының төрағасы Серік Өскенбаевпен бірге бірқатар мекемелерді аралады.
Кездесулер барысында кәсіподақ мүшелерімен, әлеуметтік әріптестермен жүздесіп, алдағы келе жатқан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтады. Сонымен қатар, бірқатар мәселелерді қозғады.
Аудан әкімшілігінде өткен жүздесуде ауыл шаруашылығы саласында көп жылғы еңбектері үшін және әлеуметтік әріптестік аясында бірлескен жұмысы үшін аудан әкімі Сержан Аймақовты, әкім орынбасары Арман Дардаковты ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «Елеулі еңбегі үшін» медалдарын табыстады, алдағы кезде еңбектеріне үлкен жетістіктер тіледі.
