2021 жылғы 8 желтоқсанда Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі “Кәсіби медиаторлардың кәсіби палатасы” РҚБ және “Медиация және құқықтық көмек орталығы” ЖМ-мен бірлесіп, Инновациялық Еуразия Университетінің жоғары колледжі педагогикалық ұжым: бөлімше меңгерушілері, аға кураторлар, оқытушылар үшін ұйымдастырған “Медиация-Шекарасыз диалог” тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты.
Іс-шараның мақсаты – медиация арқылы білім беру ортасында жанжалдарды шешудің балама әдісін насихаттау.
Іс-шара спикері Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығының басшысы М.Иванова еңбек қатынастары саласындағы медиацияны дамыту туралы айтып, еңбек дауын келісу комиссиясында тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрыққа дау айту немесе балама әдісті қолдану арқылы шешу бойынша шеберлік сағатын өткізді.
Шеберлік сағаты аясында дөңгелек үстелге қатысушылар өздерін медиатор ретінде көрсете алды және еңбек саласындағы даулы жағдайды шешу жолдарының нұсқаларын ұсынды.
“Кәсіби медиаторлардың кәсіби палатасы” РҚБ төрағасы О.Эрлих “Медиация туралы” ҚР Заңының ережелері, дауларды соттан тыс және сотқа дейін реттеу институтын дамыту туралы айтып берді.
“Медиация және құқықтық көмек орталығы” ЖМ басшысы И.Седлецкая білім беру жүйесіндегі мекемелердегі татуластыру рәсімдерінің ерекшеліктері, студенттік медиация жобасын ілгерілету туралы айтып берді.
Дөңгелек үстел және шеберлік сағатының қорытындысы бойынша Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және Еуразия Инновациялық Университетінің жоғары колледжі колледж студенттерін ҚРКФ Заң клиникасының жұмысына тарту, еңбек заңнамасы бойынша бірлескен оқыту іс-шараларын өткізу бойынша одан әрі өзара іс-қимыл жолдарын анықтады.