«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Шымкент қаласының дін істері басқармасында кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесіп, «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтап, еліміздің экономикасының өсуіне және әлеуметтік жағдайының жақсаруына, сондай-ақ кәсіподақ қозғалысының дамуына үлес қосқан бірқатар мемлекеттік қызметкерлерге филиалдың наградаларын табыстады.
Атап айтқанда, «Еңбек озаты» төсбелгісімен Шымкент қаласының дін істері басқармасы діни бірлестіктермен жұмыс және мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі бөлімінің бас маман-сарапшысы Бауыржан Заманханов және «Алғыс хатпен» Шымкент қаласының дін істері басқармасы діни бірлестіктермен жұмыс және мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі бөлімінің бас маманы Ғазиза Жұмағұлова, Шымкент қаласының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің дін танушы маманы Нұртаза Тойшиева, Шымкент қаласының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің әлеумет танушы маманы Берік Жүнісов марапатталды.