Мемлекеттік қызмет – мәртебелі міндет

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппараты бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесіп, «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтап, еліміздің экономикасының өсуіне және әлеуметтік жағдайының жақсаруына, сондай-ақ кәсіподақ қозғалысының дамуына үлес қосқан бірқатар мемлекеттік қызметкерлерге филиалдың наградаларын табыстады.

Атап айтқанда, «Еңбек озаты» төсбелгісімен Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің инфрақұрылым бөлімінің басшысы Нұрбақыт Тұрнияз, Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің орынбасары Есімжан Занқоев, «Құрмет грамотасымен» Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппаратының басшысы Димаш Дауренбеков, Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппараты кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің бас маманы Алмаз Жарасов, Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппараты әдіскері  Венера Пернеқұлова және «Алғыс хатпен» Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы  Роза Молдақұлова, Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппараты инфрақұрылым бөлімінің басшысы  Мадина Есенбаева, Шымкент қаласы Абай ауданы әкімінің аппараты қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас маманы Серікболсын Рамат марапатталды.