Тәуелсіздік күніне орай салтанатты шара өтті

Ағымдағы жылдың 9 желтоқсан күні «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі ғимаратының мәжіліс залында Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық және Шымкент қалалық филиалдарының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шараға «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі, «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауыржан Әлтеев, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетов және Шымкент қалалық филиалының төрағасы Руслан Шерімов арнайы қатысып, мәдениет қызметкерлерін Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиналыста «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлі құттықтау сөз сөйлеп, Түркістан облысындағы бастауыш кәсіподақ ұйымдары мүшелерін марапаттады.

Түркістан облысынан мәдениет саласындағы елеулі еңбегі үшін «Еңбек даңқы» төсбелгісімен Қуаныш Адырбеков, Қуаныш Әзімбаев, сонымен қатар «Мәдениет майталманы» медалімен Мадина Айтжанова, Серғазы Ибрагим, ал, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің «Құрмет грамотасымен» Айман Рысқұлбекова, Орынкүл Исаева, Индира Каршиева, Сүндет Жанәділов, Махаббат Джайлыбаева, Индира Жүнісова марапатталды.