Қазіргі жастардың Павлодар облысының даму тарихын білуіне еңбек ардагерлерімен кездесулер, тарихи әдебиетпен танысу, деректі фильмдерді көру және мұражай қорларымен танысу көмектеседі.
Бүгін Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы жанындағы «Келешек» жастар кеңесінің төрайымы Дария Хамитжанова Павлодар облысына жұмыс сапары шеңберінде 2019 жылы Павлодарда ашылған «Еrtis» мультимедиялық мұражайына барып, Ертіс өңірінің тарихымен танысты.
9 экспозициялық залдан тұратын цифрланған мұражай бірегей нысан -Қазақстандағы алғашқы жаратылыстану ғылымдары мұражайы болып табылады. Мұражайға келушілер Павлодар облысының тарихы, геологиясы, археологиясы, ежелгі және ортағасырлық тарихы бойынша мағлұмат алады.
Мұражай real-book кітабы, touch ақпараттық тақтасы және заманауи инсталляциялар сияқты .мультимедиялық құралдармен жабдықталған.
«2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Павлодар облысы халқының саны 751 011 адамды құрады, жұмыс істейтін әрбір үшінші тұрғын кәсіподақ мүшесі болып табылады», – деді Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің « Келешек» жастар кеңесінің төрайымы Гүлзира Атабаева.
«Кәсіпкерлік саласында жастарға арналған «Бизнестің жол картасы» өтеусіз гранттары, «Zhas-Halyk. Ertis» кепілсіз кредиттері, «Business Ertis» аймақтық бағдарламасы жұмыс істейді. Өңірде жұмыспен қамтуға ықпал етудің кешенді жоспары іске асырылуда, оның шеңберінде жастар оқу орындарына түсу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар алады. Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің «Келешек» жастар кеңесі Бос орындар жәрмеңкесіне қатысып, жастарға еңбек заңнамасы, еңбек шартын жасасу міндеттілігі, қызметкерлердің құқықтары туралы айтып береді. Қазіргі жастардың жұмысшы мамандықтарын игеруі бойынша кәсіптік бағдар беру жұмысы кәсіподақтардың жастар саясатының ерекше бағыты болып табылады. «Жасыл Ел» еңбек жасақтарына жетекшілік ету, жұмыс істейтін жастардың жұмыс тәжірибесімен және креативті идеялармен, жобалармен алмасуы үшін пікірталас алаңдары қалыптастырылуда» ,- деді кездесу барысында Павлодар облысы аумақтық бірлестігінің «Келешек» жастар кеңесінің төрайымы, қалалық мәслихат депутаты Гүлзира Атабаева.
«Павлодар облысының кәсіподақтар орталығы» АКБ
баспасөз қызметі