«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Руслан Ақжігітов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Тұрған Бейімбетов кәсіподақ саласының ардагері Қонысбай Қожагелдиевті 72 жасқа толған туған күнімен құттықтап, шаңырағына барды. Өз кезегінде, Руслан Ермахамбетұлы мерейтой иесіне «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Бауыржан Әлтеевтің және «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлінің құттықтауын жеткізіп, сый-сияпат табыстады. Кәсіподақ ардагері өз алғысын білдіріп, ақ батасын беріп, сәттілік тіледі.
#kasipodaqkz1010
#denprofsoyuzov1010
#kasipodaqkuni1010
#деньпрофсоюзов1010