2021 жылдың 10-11 желтоқсан күндері Талдықорған медициналық колледжінің спорт залында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған емдеу мекемелерінің қызметкерлері арасында волейболдан облыстық турнир өткізілді. Спорттық шараны Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы, Талдықорған жоғары медициналық колледжі, «Senim» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы облыстық филиалы ұйымдастырды.
Турнирге Алматы облысындағы медицина саласы бойынша 18 мекеме өтініш білдірді.
Командалар екі күн бойы тартысты ойын көрсетіп, 1 орынды – Талдықорған жоғары медициналық (100 000 теңге), 2 орынды – Облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем көрсету станциясы (70 000 теңге), 3 орынды – Облыстық көпсалалы клиникасы және №2 Талдықорған қалалық емханасы (50 000 теңге) алды.
Сондай-ақ жарыс қорытындысында 4 қатысушыға «Үздік ойыншы» номинация бойынша мақтау қағазы және 10 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар берілді.
Турнир нәтижесінде әділ төрелік еткендігі үшін Гуламов Асхат пен Юсупова Еленаға 15 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар табысталды.