Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай шахмат турнирі ұйымдастырылды

«SENIM» денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің Салалық кәсіптік одағы РҚБ Ақтөбе облыстық филиалы медицина қызметкерлерінің арасында шахмат турнирін ұйымдастырды.
Турнир Марат Оспанов атындағы БҚМУ әскери спорттық кешенінде өткізілді. Сайысқа қатысуға 18 бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшесі қатысуға өтініш білдірді.
Ойынның жеңімпаздарын анықтап, төрелік етуге қазылар алқасына, М. Оспанов атындағы БҚМУ дене шынықтыру кафедрасының спорт ардагері, еңбек сіңірген жаттықтырушы Ж.А. Айпеисов және бас судья Е.Т. Жетимеков сайланды. Жеңімпаздар ерлер мен әйелдер арасында анықталды. Жүлделі 1 орын алғандарға 50 мың, 2 орынға 30 мың, 3-ші орынға 20 мың тенгеден ақшалай сертификаттар, грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ қатысушылар “Белсенді қатысқаны үшін” номинацияларымен де марапатталды.