«Кәсіподақ қызметі туралы үздік бейнеролик» республикалық байқауында елордалық №14 «Ақбөпе» балабақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымы ІІІ орынды жеңіп алды

Алматы қаласында «Кәсіподақ қызметі туралы үздік бейнеролик» республикалық байқауы қорытындыланды.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С. Дәулеталин, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының төрайымы А. Мұқашева және салалық кәсіподақтың мүшелері мен ардагерлері қатысты.

Республикалық байқау қорытындысы бойынша Нұр-Сұлтан қаласының «Әділет» білім беру қызметкерлері кәсіподағының № 14 «Ақбөпе» балабақшасының бастауыш кәсіподақ ұйымы III орынды жеңіп алды. Бастауыш кәсіподақ ұйымына диплом және 250 000 мың теңгенің сертификаты табысталды.

Байқаудың мақсаты – кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жөнінде кәсіподақ ұйымдарының қызметін көрсететін үгіттеу ақпараттық бейнероликтер жасау және оларды кәсіподақ мүшелерінің қатарына тартып, кәсіподақ ұйымдарын құру жұмысында қолдану; еңбек ұжымдарында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының беделін арттыру; кәсіподақ мүшелерінің кәсіподақ бірлігі мен ынтымақтастығын дамыту; кәсіподақ жұмысының озық тәжірибелерін тарату болып табылады.