Жолдастық кездесу – достық көпірі

Батыс Қазақстан облыстық оқушылар сарайында «Батыс су арнасы» ЖШС және «Жайықжылуқуат» АҚ қызметкерлерінің арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай жолдастық кездесу өтті.

Кездесу спорттың дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, қол күресі және қазақша күрес түрлері бойынша өткізілді.

Салтанатты ашылу рәсімінде қатысушылар мен жанкүйерлерді «Жайықжылқуат» АҚ бас директоры Қуат Мусин, «Батыс су арнасы» ЖШС бас директоры Ануар Аркенов, «Орал қаласы бойынша Су арнасының жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Азиля Иликпаева, «Жайықжылуқуат» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Нұрлан Нұғманов және «Оқушылар сарайы» МКҚК директоры Шолпан Сисенова мерекемен құттықтап, сайыста сәттілік тіледі. Ойын қорытындысы бойынша грамоталар, медальдар және ақшалай сыйлықтар салтанатты түрде табысталды.