“Кәсіподақ қызметі туралы үздік бейнеролик” республикалық байқауының қорытындысы шығарылды

10 желтоқсанда Алматы қаласында “Кәсіподақ қызметі туралы үздік бейнеролик” республикалық байқауының жеңімпаздары мен қатысушыларын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Байқауға қатысу үшін Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымы республикалық байқаудың облыстық турының жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің 7 бейнематериалын жіберді.

Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері – Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының беделін арттыру және кәсіподақ ұйымдарының оң имиджін қалыптастыру, кәсіподақ мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі кәсіподақ ұйымдарының қызметін көрсететін үгіттік ақпараттық бейнероликтер жасау және оларды кәсіподақ мүшелерінің қатарына тарту. Педагогикалық еңбекті насихаттау, жастарды кәсіподақ қызметіне тарту бойынша кәсіподақ ұйымдарының қызметін жандандыру, салалық кәсіподақтың ақпараттық-насихат жұмысын жетілдіру.

Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымы “Кәсіподақ қызметі туралы үздік бейнеролик” республикалық байқауының бас жүлдесіне ие болды, бейнероликтің авторы – Павлодар қалалық білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының бухгалтері Дина Жұмабекқызы Ержанова.

Байқауға қатысқаны үшін Шарбақты ауданының Шалдай жалпы орта білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Үміт Жомартқызы Қайдағұлова Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының Алғыс хатымен марапатталды.

Салтанатты іс-шарада “Сала қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген айрықша еңбегі үшін” белгісімен облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлбарам Науразбаева марапатталды.

2013 жылдан бастап Гүлбарам Әуезханқызы Павлодар облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы болып табылады.