Басқарма басшысының міндетін атқарушы Санат Шапашовтың қолдауымен ұжымдағы 15 қызметкер кәсіподақ мүшелігіне кірді.
Ұжыммен кездесу барысында Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, ақпарат және туризм қызметкерлері кәсіподағының елордалық филиалының өкілдері әлеуметтік маңызы бар кәсіподақтардың кепілдіктерін, құқы мен міндеттерін түсіндіріп, айтып берді.
Айта кетерлігі, бұл жыл басынан бері Мәдениет, спорт, ақпарат және туризм салалық қызметкерлері кәсіподағының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының құрамына кірген 4-ші жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымы.