«SENIM» Тәуелсіздік күні қарсаңында салтанатты шара ұйымдастырды

15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» РҚБ Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Ноян Бидайбаев, сондай-ақ шақырылған қонақтар, «Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы Гамаль Тоқсамбаев және «Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы» АКБ төрағасы Болат Жұмабеков сөз сөйледі.

«SENIM» кәсіподағының мүшелері кәсіподақ наградаларымен марапатталды.