«Жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың міндеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Қызылорда облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен «Жемқорлыққа қарсы күрес – әр азаматтың міндеті» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына департамент қызметкерлері, тиісті сала өкілдері және аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Мақсұт Нәлібаев қатысты.

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын нығайту мен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға бағытталған шараларды талқылауға арналған алаңда модератор, облыстық Әділет департаментінің басшысы Ирина Бакишева әділет органында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша жұмыстар барысына тоқталды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің мамандарымен тиісті хабарлама жасалып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қатысты бейнероликтер көрсетілді. Дөңгелек үстел барысында аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Мақсұт Нәлібаев “Nur Оtan” Қызылорда облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасы және Қызылорда облыстық мәслихаттағы “Nur Otan” партиясы депутаттық фракциясының мүшесі ретінде тақырып бойынша ой-пікірімен бөлісті.