Сертификат табыс етілді

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу құрметіне бастауыш кәсіподақ ұйымдарында салтанатты іс-шаралар өткізілді. Денсаулық сақтау саласына сіңірген еңбегі, белсенді және жемісті жұмысы үшін медицина қызметкерлері алғыс хаттармен, грамоталармен, төсбелгілермен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

“SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы” РҚБ төсбелгісімен ҚР ДСМ “Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы” ШЖҚ РМК “Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы” аса қауіпті инфекциялар мониторингі бөлімінің қызметкері Ұ.Үсенов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ “№9 қалалық емхана” МКК педиатрия бөлімшесінің аға медбикесі Л.Наурызбекова, “Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық” ЖШС сапа менеджменті және пациенттердің қауіпсіздігі бөлімінің аға дәрігер- арапшысы А.Алмамбетов марапатталды.

Сондай-ақ, медицина қызметкері Л.Наурызбековаға жеке тұрғын үй сатып алуға кәсіподақ бастауыш ұйымының қаражатынан бастапқы жарна үшін 1 000 000 теңгеге тұрғын үй сертификаты табыс етілді.

Жалпы елорда бойынша ҚР Кәсіподақтар федерациясының және “SENIM “Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы” РҚБ Құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен 59 қызметкер марапатталды. Бірқатар қызметкерлерге азық-түлік себеттері түрінде көмек көрсетілді.