Кәсіподақ өкілінің еңбегі Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен атап өтілді

2021 жылғы 21 желтоқсанда Павлодардың Достық үйінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ш.Осин, М.Кулшар және С.Решетников облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен, негізгі конфессиялар және үкіметтік емес ұйымдар басшыларымен кездесу өткізді.

Депутаттар Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы айтып, Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдарының волонтерлік қызметінің маңыздылығын атап өтті, кездесуге қатысушылармен қоғамдық дамудың, елдегі мемлекеттік тілді қолдаудың өзекті мәселелерін талқылады.

Іс-шараға “Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы” АКБ-і төрайымының орынбасары М.Иванова қатысты.

Кездесу жастар белсенділерін, Павлодар облысының этномәдени бірлестіктерінің, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін марапаттау рәсімімен аяқталды.

Павлодар облысы аумақтық бірлестігінің татуластыру орталығының басшысы, кәсіби медиатор М.Иванованың қызметі ізгіліктің, рухани келісімнің, достық пен этносаралық бірлікті нығайтудың гуманистік мұраттарына жоғары қызмет еткені үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен атап өтілді.