Қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетовтің ұйымдастыруымен «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесіне орай салтанатты құттықтау шарасы өткізілді.
Іс-шарада Бастарбек Пірімбетұлы құттықтау сөз сөйлеп, белсенді кәсіподақ мүшелеріне кәсіподақ наградаларын табыстады.
Атап айтқанда, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі мен Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Құрмет Грамотасы» Олжабаев Сабырбек Дәніқұлұлына және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Құрмет грамотасы» Спанов Бахтияр Әбілұлына табысталды.