Салалық кәсіподақ кеңесінің отырысы өтті

Жезқазған аймақтық білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының Кеңес мүшелері бас қосты.

Күн тәртібіне шығарылған алты сұрақтың алғашқысы – Кеңес құрамына өзгеріс енгізу. Кеңес мүшелерінің бірауыздан қолдауымен Канат Жылкыбаев және Диана Оразалина кеңеске мүшелік ететін болды.

Алқалы жиында сөз алған аймақтық кәсіподақтың бас маманы Дархан Жақыпбекұлы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 27, 28 қаңтардағы № 83,95 бұйрығына енгізілген өзгерістерді таныстырды. Сонымен қатар, кәсіподақ қызметкерлерінің Әдеп жөніндегі ережесі қабылданып, келер 2022 жылдың жоспары құрылды.

Кеңес отырысы кәсіподақ қозғалысын дамытуға қомақты үлес қосқан Марат Мұқанұлы мен Айнаш Әмірбекқызын марапаттау салтанатымен жалғасты. Саналы ғұмырын білім саласына арнаған Марат Мұқанұлы «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен еленсе, бухгалтер Айнаш Әмірбекқызы мерейлі 55 жасына орай құрметтелді.