Бастауыш кәсіподақ ұйымының өкілдерімен кездесу өтті

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова “КЅР Steel” ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының өкілдерімен кездесті. Кездесуге Павлодар облысы бойынша “Қазметаллкәсіп” салалық тау-кен металлургия кәсіптік одағы” ҚБ төрағасының орынбасары Р.Даумова қатысты.

“КЅР Steel” ЖШС – мұнай-газ саласы үшін әртүрлі диаметрлі және мақсаттағы жіксіз болат құбырлар шығаратын алғашқы Қазақстандық кәсіпорын. 2020 жылы “КЅР Steel” ЖШС Павлодар филиалы ҚР Президентінің “Алтын сапа” сыйлығының лауреаттарын марапаттау аясында “Үздік инновациялық жоба” арнайы сыйлығына ие болды.

С.Аскееваның төрағалығымен кәсіпорынның бастауыш кәсіподақ ұйымында кәсіподақтың 1770 мүшесі бар.

Бастауыш кәсіподақ ұйымымен кездесуде оған қатысушылар әлеуметтік әріптестік аясында кәсіподақ комитетінің қоғамдық қызметінің нәтижелерімен танысып, кәсіподақ қызметінің өзекті мәселелерін талқылады.

“Павлодар облысы бойынша “Қазметаллкәсіп” салалық тау-кен металлургия кәсіптік одағы” ҚБ төрайымы Р.Даумова пандемия кезінде кәсіподақ мүшелерін қолдау жөніндегі кәсіподақ комитетінің белсенді рөлін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша сөз сөйлеген Д.Айтжанова Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының және Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің қызметі, ҚРКФ қабылдаған қызмет стратегиясы шеңберіндегі алда тұрған міндеттердің орындалуы туралы айтып берді.

Кездесу соңында кәсіподақ қозғалысына, әлеуметтік әріптестікті дамытуға, азаматтардың әлеуметтік-экономикалық және еңбек құқықтарын қорғауға қосқан елеулі үлесі үшін жұртшылықпен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жөніндегі бөлімнің басшысы, кәсіподақ комитетінің мүшесі, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссиясының белсенді мүшесі А.Горлановаға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасы табыс етілді.