Еңбек озаттары марапатталды

«Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компания қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігі салтанатты шара өткізді.

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.» компания қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымы» қоғамдық бірлестігі Ақсай қаласында мерекелік шара ұйымдастырып, бірқатар компания қызметкерлерін медальдармен, Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапаттады.

Іс-шараға «Қазақстандық мұнай-газ кешенінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы  Сұлтан Қалиев, Маңғыстау филиалының төрағасы  Мақсат Ырзаханов, Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығы төрайымының орынбасары  Бауыржан Атауов, КПО Б.В. компаниясының жұмысшылары қатысты.

КПО Б.В. компаниясының жергілікті кәсіподақ ұйымы 2021 жылдың қорытындысын жасай отырып, барша кәсіподақ мүшелеріне үздіксіз белсенді қызметтері үшін алғыс білдірді.