Нұра ауданының білім қызметкерлерінің және педагогикалық еңбек ардагерлерінің қатысуымен өнер мектебінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мерекенің шымылдығын аудандық білім бөлімінің басшысы Салтанат Мұқанова ашты.
Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен Қайып Шайменов атындағы жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Назгүл Майкотова, білім беру саласын дамытуға қосқан мол үлесі мен педагогикалық қызметте шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, біліктілік танытқаны үшін Қарағанды облысының білім басқармасының Құрмет грамотасымен Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектеп директорының орынбасары Дария Сейфуллина, Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебінің мұғалімі Светлана Губарева, Рахим Асубаев атындағы жалпы білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Сағидолла Гүлдариға, білім бөлімінің бас экономисті Жанат Қасымова, Абдолла Асылбеков атындағы жалпы білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Кулшат Абаева, білім бөлімінің бухгалтері Айнагүл Жукушева марапатталды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беруде елеулі үлес қосқаны үшін, кәсіби шеберлігі, eңбекқорлығы, өз ісіне деген адалдығы және еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеуде жеткен жетістіктері үшін Нұра ауданының білім бөлімінің Құрмет грамотасымен ауданның бірқатар мектеп басшылары марапатталды.
Сонымен қатар, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымының Құрмет грамотасымен Баршын Тірек мектебінің директоры Дулат Туртжаров, Нұра ауданының білім бөлімінің Алғыс хатымен Ахмет Байтұрсынов атындағы Тірек мектебінің география пәнінің мұғалімі Алтынай Ахметова, аудандық өнер мектебінің мұғалімі Нұрсұлтан Есенов, Жараспай мектебінің математика пәнінің мұғалімі Алмагүл Жұмабекова, аудандық өнер мектебінің хореография жөніндегі мұғалімі Хасимхан Нұрқұлан марапатталды.