Көмір саласын дамытудың жоспары ұсынылды

Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Болат Жұмабеков «Қорғау» көміршілер және «Жақтау» металлургтер кәсіподақтарының төрағаларымен және мүшелерімен бірлесіп, облыс әкімінің орынбасары Вадим Басиннің төрағалығымен өткен «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің шахталарында тау-кен жұмыстарын жүргізу перспективалары мәселелерін қарау және талқылау жөніндегі кеңеске қатысты.

Тау-кен металлургия компаниясының басшылығы мен мамандары 2022-2042 жылдарға арналған көмірді жерасты тәсілімен өндіру көлемінің болашаққа жоспарын ұсынды.

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбектің осыған дейін берген тапсырмасына сәйкес, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің басшылығы бүгіннен бастап ағымдағы жылдың 30 желтоқсанына дейінгі мерзімде әрбір кәсіпорын бойынша рессурстық база бойынша толық ақпаратты барлық шахталардың еңбек ұжымдарының мүшелеріне жеткізетін болады.