Төтенше жағдай режимі кезеңінде ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде 2021 жылғы 11 қаңтарда Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің татуластыру орталығында “Nur Otan” партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары И.Теренченконың, Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанованың, Татуластыру орталығының басшысы М.Иванованың қатысуымен азаматтарды қабылдау өткізілді.
Қабылдауға “Павлодарэнерго” АҚ үйішілік желілерінің қалалық кәсіпорнының екі қызметкері Энергетика қызметкерлерінің әлеуметтік пакетті алу мүмкіндігін жасау үшін табиғи монополиялар туралы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы ұсыныспен жүгінді.
Бұл өтініш ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесу аясында қосымша қаралатын болады. Құқықтық мәселелер бойынша қосымша жедел желіге қабылдау аясында 87789748425 өтініш білдірушілерді төтенше жағдай кезінде жалақысы сақталмайтын демалысты ресімдеу мүмкіндігі, қашықтан жұмыс форматына көшудің құқықтық мүмкіндігі туралы сұрақтарға жауаптар қызықтырды. ҚР Еңбек кодексінің 97-бабына сәйкес жалақысы сақталмайтын демалыс некені тіркеу, бала тууы, жақын туыстарының қайтыс болуы және еңбек және ұжымдық шарттарда көзделген өзге де жағдайларда беріледі.
Төтенше жағдай кезеңінде жалақы сақталмайтын демалыс алу мүмкіндігі, егер бұл туралы жұмыс берушімен келісім бойынша еңбек немесе ұжымдық шартта көрсетілсе ғана көзделген. ҚР Еңбек кодексінің 138-бабына сәйкес қашықтықтан жұмыс істеу жұмыс процесінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, еңбек процесін жұмыс беруші орналасқан жерден тыс жерде жүзеге асырудың ерекше нысаны болып табылады.
Қашықтықтан жұмыс режиміне ауысу еңбек шартында, ұжымдық шартта көзделген жағдайларда жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы келісім бойынша мүмкін болады. Бірлескен қабылдау қорытындысы бойынша барлық азаматтар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.