Жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында “Аяулым” оқу орталығы ашылды. Білім беру орталығы оқушылардың мектептен тыс уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында бой көтерді.

Аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы З.Бекетов ұжым мүшелерімен кездесіп, аудандағы кәсіподақ ұйымының жұмысы туралы мағлұмат берді. Жаңадан ашылған ұжымда бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылып, өз жұмысын бастады.