“Мақсат – ынтымағы мен бірлігі жарасқан ел болу”

Маңғыстау облысының кәсіподақтар орталығы аумақтық бірлестігінің төрағасы Шадрах Ермекбайұлы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың ағымдағы жылдың 11 қаңтар күні өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында жасаған мәлімдемесіне қатысты өз ойын білдірді:

“Отырыста Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өзекті мәселелерді шешу бойынша ауқымды баяндама жасады. Мемлекет басшысы саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы біздің еліміз үшін өте күрделі жағдайларда пісіп-жетілген мәселелерді шешу жөнінде нақты міндеттер қойды. Өз атымнан айтарым, Маңғыстау облысының кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы ретінде халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыруға, жақсартуға, елдегі әлеуметтік жағдайды тұрақтандыруға бағытталған реформаларды жетілдіруге толықтай қолдау танытамын.

Маңғыстау облысының кәсіподақтар бірлестігі мемлекет пен халық арасындағы біртұтас ашық диалог орнату бағытында бірқатар өркениетті іс-қимылдарды жүзеге асыруға, Мемлекет басшысының саясатын сонымен қатар, әлеуметтік әділеттілік пен еңбек адамына лайықты жағдайларды қамтамасыз ету қағидаттарын ілгерлетуге дайын екенін атап өткім келеді.

​Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың еліміз үшін айтылған тарихи әрі ауқымды баяндамасын тындаған Қазақстан Республикасының халқы, әсіресе, өсіп келе жатқан ұрпақтың мақсаты – мол біліммен қаруланып, кең байтақ жерімізді пәле жаладан аман сақтап, ынтымағы мен бірлігі жарасқан ел болу. Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын”, – деді өз мәлімдемесінде кәсіподақ төрағасы.