Түркістан облыстық кәсіподақ орталығы АКБ төрағасы Өмірәлі Бердіғали: “Кешегі елде болған жағдай баршамызды алаңдатты. Бейбіт шеру арандатушылардың әрекетінен кейін жаппай тәртіпсіздікке ұласып, келеңсіз жағдайлар орын алды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елдегі жағдайды тұрақтандыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарды. Қазақстан халқын бейбітшілік пен татулыққа, өзара сыйластыққа, береке-бірлікке үндейтінін атап өтті.
Имандылық пен парасаттылықты, жасампаздық пен мейірімді дәріптеп, жақсылыққа жол ашу арқылы біз жұмыла отырып, Қазақстан тарихындағы осы сын сағатты бірге еңсеру қажеттігін сөз етті. Қазіргі таңда адамдардың бірін-бірі қолдауы, өзара түсіністік пен сыйластық, ауызбіршілік пен ыңтымақ қана болашағымызды жарқын етеріне сенеміз. Тәуелсіздік, еліміздің бейбітшілігі – еліміздің басты байлығы.