Кәсіподақ мүшелері республикалық турнирден олжалы оралды

Ақтөбелік бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері тоғызқұмалақ және шахматтан өткен республикалық турнирден олжалы оралды.

Байрақты бәсеке Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Оған турнирдің облыстық кезеңінде жеңіске жеткен 65-ке жуық білім қызметкері қатысып, бақ сынасты.

Облыс ұстаздары ой ұшқырлығын көрсетіп, жеңіс тұғырынан көріне білді. Тоғызқұмалақтан ерлер арасында Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің оқытушысы Азамат Қайдаров I орынға ие болса, әйелдер арасынан Мұғалжар ауданы, №1 Ембі орта мектебінің мұғалімі Гүлзат Бақтарбаева қарсыластарын шаң қаптырып, үздіктердің көшін бастады.