Қарағанды облысының металлургтері мен кеншілері Президент үндеуіне қолдау білдірді

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Қарағанды облысының металлургтері мен кеншілері Сіз жүргізіп отырған саясатты қолдайды және шешімдеріңізге өз келісімдерін білдіреді.

Лаңкестердің еліміздің тұтастығы мен егемендігіне жасаған шабуылы, олардың көшелерде жасаған зорлық-зомбылық әрекеттері Республикамыздың азаматтарын қатты толғандырады.

Алматыда және еліміздің басқа да өңірлеріндегі тәртіпті қалпына келтіру үшін құқық қорғау органдарының және жеке Сіздің қандай ауқымды жұмыстар жүргізіп жатқандарыңызды көріп отырмыз.

Біз жақын арада ортақ үйімізде бейбітшілік орнайтынына сенімдіміз.

Президент мырза, Сіз әрқашан бізге – Теміртау жұмысшыларына, Қарағанды, Абай, Саран, Шахтинск шахтерлеріне сенім арта аласыз.

Жұмысшы адамдар ретінде біз барлық қазақстандықтар сияқты бейбітшілік пен тұрақтылық үшін нық тұратынымызды мәлімдейміз.

Сіз бізге, Қазақстан азаматтарына, жаудың жеңіліс табатынына сенім орнаттыңыз. Біздің Республикамызды темір еркі мен болат жұдырығы бар адам басқаратынына нық сенімдіміз!

Біз сізбен біргеміз! Күшіміз бірлікте!