Кәсіподақтар үйінде Қарағанды өңірінің COVID-19 бойынша «қызыл» аймақта болуына байланысты онлайн және офлайн режимінде Қарағанды өңірінің салалық және жергілікті кәсіподақтарының аумақтық құрылымдары өкілдерінің Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Үйлестіру кеңесінің қатысушылары құқық қорғау органдарының, күш құрылымдарының қызметкерлерін және елімізде жақында болған қайғылы оқиғалар кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қарағанды облысы Кәсіподақ орталығының төрағасы Болат Жұмабеков жұмыскерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту, қолайлы еңбек жағдайлары және кәсіподақ мүшелерінің еңбек және заңды мүдделерін қорғау бойынша проблемалық мәселелерді шешу бойынша жүйелі шаралар бойынша ұсыныстарды талқылау және әзірлеу мәселесі бойынша сөз сөйледі.
Белсенді талқылауға облыстық филиалдар мен жергілікті кәсіподақтардың басшылары: «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері, Теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлері, Мәдениет, спорт, туризм және ақпарат, Білім және ғылым қызметкерлері, Көмір өнеркәсібінің, Ауыл шаруашылығы, қайта өңдеу ұйымдары мен мемлекеттік мекемелердің, Құрылыс кешені мен ТКШ қызметкерлері салалық кәсіподақтарының төрағалары Ноян Бидайбаев, Яхия Алмусин, Алмакүл Өсерова, Марат Қоңырбаев, Евгений Буслаев, Кеңескүл Рахымжанова, Айқын Ахметов және Абай Сабденов қатысты.
Отырысқа қатысушыларды Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары, «KYZMET» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіптік одағы Қарағанды облыстық филиалы төрайымының м.а. Татьяна Шатохина «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жариялаған әлеуметтік әріптестік жылы шеңберінде іс-шаралар өткізу бойынша ұсыныстар дайындау туралы» мәселе бойынша хабардар етті.
Үйлестіру кеңесінің мүшелері 2022 жылы – Әлеуметтік әріптестік жылын өткізу жөніндегі кешенді жоспарға енгізу үшін Қарағанды облысының кәсіподақтарынан ұсыныстар пакеті жайында келісті.
Көмек көрсету мақсатында Қарағанды облысының барлық кәсіподақ ұйымдары бір күндік жалақысын қаңтар айындағы қайғылы оқиғалардан зардап шеккендерге аудару туралы шешім қабылдады.
Отырыста сондай-ақ коронавирустық инфекцияны таратпау жөніндегі санитариялық-карантиндік талаптардың орындалуына қоғамдық кәсіподақтық бақылауды күшейту, әлеуметтік-еңбек мәселелері жөніндегі «шұғыл» желі арқылы халықпен кері байланысты қамтамасыз ету, «QAZAQSTAN KÁSIPODAǴY» республикалық газеті арқылы кәсіподақ қызметін ақпараттық-түсіндіру жұмысын ұйымдастыру және жария ету мәселелері қаралды.
Кеңес құрамына өзгерістер енгізіліп, Үйлестіру кеңесінің мүшесі болып Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Қарағанды облыстық ұйымы төрайымының міндетін атқарушы Алмагүл Рақышева сайланды.