Еңбек мәселелері талқыланды

«Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақ бірлестігінің ұйымдастыруымен Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Үйлестіру кеңесіне «Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақ бірлестігінің төраға орынбасары Б.Қараулов және салалық кәсіподақ ұйымдарының басшылары қатысты.

Күн тәртібінде жұмыскерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын, қолайлы еңбек жағдайларын жақсарту мақсатында жүйелі шараларды талқылап, әзірлеу туралы, сол сияқты кәсіподақ өкілдерінің заңды және еңбек құқықтарының өзекті мәселелерін шешудің нақты жолдарын әзірлеу туралы айтылды.

Сондай-ақ, биылғы «Әлеуметтік әріптестік жылы» шеңберінде өткізілетін іс-шараларға нақты бірқатар ұсыныстар даярлау керектігі, айтылған ұсыныстарды назарға алып, ұсыныстар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетіндігі туралы айтылды.

«Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақ бірлестігінің және салалық кәсіподақ ұйымдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасында өткен жаппай тәртіпсіздіктерден зардап шеккен халыққа көмек ретінде біркүндік жалақыларын аударуға бірауыздан шешім қабылдады.