«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС Отын-Көлік-1 цехының ұжымы біліктілігі жоғары маман, сенімді дос, вагон аударғыш машинисі Жұмабай Баубековты құрметті демалысқа шығарып салуда.
Жұмабай Саттарұлы станцияға 36 жылдан астам өмірін арнаған. Отын беруді қайта құру бағдарламасын іске асыруға белсенді қатысты.
Жұмыс істеген жылдары “Болат Нұржанов атындағы ГРЭС-1” басшылығынан және Екібастұз қаласының әкімінен бірнеше рет алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарына ие болды. Көптеген салалық марапаттардың иегері.
Еліміздің энергия қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін және Тәуелсіздік күнін мерекелеуге орай 2018 жылы еңбек сіңірген энергетик Жұмабай Баубеков 3-дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен марапатталды.
Ардагерге көп жылғы еңбегі үшін ТТЦ-1 цехының бастығы Талғат Масығұтов және электр бөлігі, жалпы Станциялық жабдық және отын беру басқармасының басшысы Рашид Сабырзянов алғыс білдірді. Сондай-ақ, ГРЭС-1 кәсіподақ ұйымының атынан Жұмабай Саттарұлын еңбек қызметінің аяқталуымен кәсіподақ ұйымының төрайымы Татьяна Чигвинцева құттықтады.