Қоғамдық қабылдау өтті

Павлодар облыстық Қәсіподақ үйі ғимаратында Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова азаматтарды қабылдады.

Қабылдауға 87001996036 жедел желі телефоны арқылы жазылуға болады. Қоғамдық қабылдауға кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған үш өтініш беруші ана жүгінді.

Өтініш берушілер жұмысқа орналасу тәртібін түсіндіру, еңбек қатынастарын рәсімдеу, жұмыс істейтін аналар үшін еңбек заңнамасында көзделген жеңілдіктерді алу, жалға берілетін тұрғын үй алу үшін кезекке қою тәртібі туралы мәселелер бойынша өтініш білдірді.

Өтініш берушілерге ҚР Еңбек кодексінің 100-бабына сәйкес қызметкер бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалысты толық немесе бөліп пайдалана алатындығы түсіндірілді. Бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс уақытында қызметкердің жұмыс орны сақталады.

ҚР Еңбек кодексінің 82-бабына сәйкес, бір жарым жасқа дейінгі балалары бар жұмыс істейтін әйелдерге баланы тамақтандыру үшін ұзақтығы кемінде отыз минут әрбір үш сағат сайын қосымша үзілістер беріледі.

Барлық өтініштер бойынша депутат толық кеңес берді, жеке өтініштер тұрақты бақылауға алынды.