Ашық диалог алаңы өтті

Экономиканың нақты секторының салалық, жергілікті, бастауыш кәсіподақ ұйымдары филиалдарының төрағалары әлеуметтік-еңбек саласының мәселелерін талқылау бойынша Павлодар облысы кәсіподақтарының аумақтық бірлестігі ұйымдастырған диалогтық алаңға қатысты.

Кездесуге қатысушылар ҚРКФ төрағасы С.Дәулеталин заңнамалық деңгейде еңбекақы төлеу жүйесін сапалы жетілдіру бойынша әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның отырысында ұсынған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ұсыныстарымен, сондай-ақ ҚРКФ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне ҚРКФ еңбек жалақысын индекстеу бөлігінде ҚР Еңбек кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты ұсыныстарымен танысты, басшылар мен қатардағы жұмыскерлер жалақысының арақатынасының шекті деңгейін белгілеу, ЕТЖ, еңбекақы төлеу жүйесін, жалақы төлеу тәртібін, ұжымдық шарттың мазмұнын белгілеу, жұмыскерлердің кәсіпорынды басқаруға қатысуы сияқты мәселелерді қарастырды.

Диалогтық алаңға қатысушылар ҚРКФ бастамаларына қолдау білдіріп, олардың тиімділігі мен уақтылығын атап өтті.