«Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды

Салалық, жергілікті және бастауыш кәсіподақ ұйымдары филиалдарының төрағалары «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Николай Александрович Сухотеринді туған күнімен құттықтады.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының өкімі бойынша көп жылғы еңбегі, кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін Николай Александрович Сухотерин «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Телағысұлының құттықтауын оқып берді: «Жақсы адам – елдің ырысы» демекші, Сіздің кішіпейілдігіңіз бен қажымас қайратыңыздың, қарапайымдылығыңыз бен еңбекқорлығыңыздың арқасында зор абырой-беделге бөлендіңіз. Алған біліміңіз бен іскерлік қасиеттеріңіздің арқасында еліміздің және «Қазхром» ТҰК» АҚ Ақсу ферроқорытпа зауытының әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етіп, бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасының жауапты сайланбалы лауазымын атқардыңыз.

Сіздің тәжірибеңіз бен біліміңіз, еңбек жолыныңыздың тарихы біздің жастар үшін баға жетпес үлгі болып табылады», – делінген құттықтау хатта.

Ақсу ферроқорытпа зауыты хром, кремний және марганец қорытпаларын өндіру бойынша әлемдегі ең ірі зауыт болып табылады. Кәсіподақ ұйымында 6699 қызметкер бар.

Николай Александрович 30 жыл электр энергетикасы саласында жұмыс істеді, 1996 жылдан бастап «Қазхром» ТҰК» АҚ» қоғамдық бірлестігі филиалының Ақсу ферроқорытпа зауытының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып табылады, өңірдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысады, облыс тұрғындары арасында үлкен беделге ие.

Өзінің еңбек қызметі үшін әр жылдары «Қазақстанның Еңбек ері» мерейтойлық медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы құрметіне мерейтойлық медалімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» Құрмет белгісімен, 2010 жылы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының алғыс хатымен, 2011 және 2016 жылдардағы сайлауға белсенді қатысқаны үшін «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Н.Назарбаевтың Алғыс хатымен, 2015 жылы «Еңбек ардагері» медалімен, I, II, III дәрежелі «Еңбек даңқы» салалық наградаларының кавалері болып табылады.

«Сіздің әлеуметтік әріптестікті дамыту, қоғамдық бақылау, қызметкерлерді сауықтыру, еңбек дауларының алдын алу бойынша белсенді қоғамдық, кәсіподақ қызметіндегі көпқырлы тәжірибеңіз аумақтық құрылымдардың Үйлестіру кеңесінің отырыстарында өңірдің барлық кәсіподақ ұйымдары үшін зерттеу және тарату тақырыбына айналды”, – деп атап өтті Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова.