Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының өкілдері халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Мәскеудегі Халықаралық еңбек ұйымының Бюросы мен Орталық және Шығыс Еуропа елдеріне арналған Бюро (Будапешттегі ХЕҰ бюросы) бірлесіп ұйымдастырған «2020-2022 жылдары әлемде әлеуметтік қорғау туралы баяндаманы және Орталық және Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдері бойынша өңірлік қосымша баяндаманы өңірлік іске қосу» тақырыбындағы вебинарға қатысты.
Вебинардың мақсаты негізгі баяндаманы ілгерілету және негізгі саяси идеяларды ХЕҰ-ның үшжақты әріптестерінің, БҰҰ жүйесі ұйымдарының және өңірдегі басқа да мүдделі тараптардың кең ауқымына жеткізу болып табылады.
Вебинар ұлттық деңгейде озық тәжірибемен және алынған сабақтармен алмасуға, сондай-ақ Еуропа, Орталық Азия елдері, оның ішінде Қазақстанда тап болатын әлеуметтік қорғау жүйелерінің жалпы проблемаларын талқылауға арналған форум болып табылады.