Кәсіподақ ұйымдарының алдағы жылдағы жұмыс бағыттары ҚР Кәсіподақтар федерациясының 2021-2025 жылдарға арналған Даму стратегиясын іске асыру іс-шаралары жоспарына сәйкес айқындалды.
Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінде өткен жиын барысында төраға Мақсұт Нәлібаев ағымдағы жылдағы жұмыс бағыттарының басымдық беретін тұстарын атап өтті.
Жиналысқа қатысушы облыстық салалық, ірі жергілікті кәсіподақ ұйымы төрағалары аймақтағы кәсіподақ ұйымы бар кәсіпорындар мен мекемелердегі еңбек ахуалының күнделікті мониторингын талдап, еңбек ұжымдарында көтеріліп жүрген мәселелер мен заңнамалық өзгерістерге сұранымдарды талқылады.
Сонымен қатар, жиында Кәсіподақтар федерациясымен белгіленген «2022 жыл – Әлеуметтік әріптестік жылы» шеңберіндегі іс-шаралар, кәсіподақтардың қоғамдық қабылдаулары, құқықтық оқытулар жайлы жоспарлар талқыланды.