Дәстүр бойынша жыл сайын ақпан айының алғашқы күндерінде Павлодар ауданының білім беру қызметкерлері қатарынан шаңғы жарысының әуесқойлары Черноярка орта мектебінің шаңғы трассасына жиналады.
Бүгінгі кездесу 2022 жылғы алғашқы бұқаралық іс-шара болды. Сондықтан қысқы спорт мерекесі Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы жариялаған алдағы әлеуметтік әріптестік жылы үшін өзіндік бастама болды.
Спартакиада Әлеуметтік әріптестік жылына арналды. Кәсіподақтың қатардағы мүшелері мен жұмыс берушілер арасындағы өзара әрекеттестік пен серіктестік мәселелеріне аудандық филиал мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының алдағы жылға жоспарланған көптеген іс-шаралары арналатын болады.
Жарыс қорытындысы бойынша командалық және жеке сынақтарда жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
10 қатысушы команданың ішінде үшінші орында – Ольгин орта мектебі. Шаңғы иелері жүлделі екінші орынға ие болды. Спартакиадада Розовка мектебінің спортшылары үздік атанды.
Жарыс қорытындысы бойынша ерлер арасында үшінші орынды Розовка мектебінің мұғалімі Максим Кудрявцев, екінші орынды Нұржан Марсалыков иеленді. Ольгин орта мектебінің мұғалімі Қуатбек Қанат жеңімпаз атанды.
Әйелдер арасындағы жеке есепте орындар келесідей бөлінді: Мичурин мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Светлана Мосияш– 3 орын, Розовка мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кристина Данчук екінші орын алды.
Шаңғы жарысының тұрақты қатысушысы, Луганск мектебінің өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Салтанат Тезекбаева жеңімпаз атанды.
Шаңғы жарысының жеңімпаздары мен жүлдегерлері мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды.
Черноярка орта мектебінің директоры Маргарита Айдаболоваға аудандық жарыстарды өткізуге мүмкіндік беретін әлеуметтік әріптес ретінде «Спортмастер» спорт дүкенінен мектепке шаңғы жинағын сатып алуға сертификат берілді.