Кітапханада өткен келелі жиын

Ағымдағы жылдың 4-ші ақпанында елордадағы М.Әуезов атындағы кітапханада Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет басқармасының басшысы Санат Шапашов оқырмандармен, кітапханалардың белсенді пайдаланушыларымен және кітапхана жүйесінің қызметкерлерімен кездесті.

Бейресми жағдайда өткен кездесуге “Қазақстандық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы” ҚБ төрайымы Светлана Иманқұлова, қазақ ғалымы, Қазақстан Республикасы Көркемөнер академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Марат Әбсеметов, айтыскер, ақын, филолог, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Серікзат Дүйсенғазин, Назарбаев Университеті кітапханасының бас сарапшысы Петр Лапо, “Замандас 21” қоғамдық қоры директорының орынбасары Ксения Родионова, балалар жазушысы Татьяна Никитина және т.б. зиялы қауым өкілдері, кітапханалардың серіктестері мен достары, тұрақты оқырмандары қатысты.

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлбадан Мәдібаева соңғы жылдары атқарылған жұмыстарына тоқталып, алдағы уақытқа қойылған тың жоспарларын жеткізді.

Кездесуде қатысушылар белсенділік танытып, көптеген практикалық ұсыныстар айтты. Қорытындысы бойынша кітапханалар бойынша жұмыс істеуге және ағымдағы жағдайға өзгерістер енгізуге ниет білдіргендерден тұратын жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.