Балалар еңбегін реттеу және аналарды қорғау мәселелері туралы сұқбат өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды “Балалар жылы” деп жариялап, балаларды қорғау мақсатында денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты іс-шаралар жасалуы керектігін нақтылап айтты.

Балалар жылы аясында әлеуметтік желіде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы еңбеккер әйелдер ісі жөніндегі комиссия мүшесі, Қызылорда облысы бойынша комиссия төрайымы Майра Боранбаева «Қазақстанда балалар еңбегін реттеу және аналарды қорғау мәселелері» тақырыбында сұқбат берді.

«Балалар отбасында өмір сүруі керек» қоғамдық қозғалысының жауапты мүшесі Майя Наримова парақшасында өткен тікелей эфирде сұқбат спикері еңбек заңнамасы шеңберінде балалар мен аналар еңбегін реттеу мәселелерін түсіндіріп, желі қолданушыларының тақырып бойынша сұрақтарына жауап берді.