Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрайымының орынбасары М.Иванова және «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Павлодар облыстық филиалының ұйымдастыру-құқықтық жұмыс жөніндегі маманы Г.Камалова «Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ бастауыш кәсіподақ ұйымымен кездесті.
Еңбек ұжымымен кездесу «Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ төрағасы С.Әубәкіровтің қатысуымен өтті.
Павлодар облысы бойынша тексеру комиссиясы бекітілген Ережеге сәйкес жергілікті бюджеттің атқарылуына сыртқы мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
Бастауыш кәсіподақ ұйымы 2011 жылдан бастап құрылған және қоғамдық кәсіподақ қызметінің өз тарихы бар.
40 адамнан тұратын бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып Б.Исаева сайланды.
Кездесуге қатысушы М.Иванова кәсіподақ мүшелеріне Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиясы құрамындағы жұмысы, ҚРКФ атқару комитетінің шешімі бойынша әлеуметтік әріптестік жылын өткізу, қызметкерлерді сауықтыру, ұжымдық шарттарды қабылдау, жастар кәсіподақ қозғалысын дамыту жөніндегі қоғамдық жұмыстың бағыттары, ҚРКФ Заң клиникасы филиалы мен «Татуласу орталығында» құқықтық көмек көрсету, қызметкерлердің материалдық және әлеуметтік жағдайын жақсарту, еңбек дауларының алдын алу, өндірістік жарақаттардың алдын алу және еңбекті қорғау жөніндегі келісім комиссияларының жұмысы бойынша қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу туралы ҚРКФ ұсыныстары туралы айтты.
Г.Қамалова «Қызмет» салалық кәсіподағының Павлодар филиалының жұмыс бағыттары, ұжымдық шарттар жасасу, жұмыскерлерді сауықтыру нысандары мен түрлері, «Мойылды» кәсіподақ санаторийінде емделу мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Кездесу қорытындысы бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымының өкілдері барлық сұрақтарына жауап алды.