Кәсіподақ төрағасы еңбек ұжымымен кездесуде өзекті мәселелерді саралады

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова С.Зеленованың төрағалығымен «Павлодар облысының электр энергетикасы қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ құрылымына кіретін кәсіпорындардың кәсіподақ активімен кездесті.

Павлодар облысы аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Д.Айтжанова кездесуге қатысушыларға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы әзірлеген және уәкілетті органдарға жіберген қолданыстағы еңбек заңнамасына ұсыныстары туралы айтып берді, оларды Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С.Дәулеталин Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның отырысында айтқан болатын.

«Әр қызметкермен қарым-қатынасты дамыту, толғандыратын мәселелерді анықтау, келіссөздер үстелінде оларды шешу бойынша диалог құру, келісім комиссиясының мүшелерін қолданыстағы еңбек заңнамасының негіздерін білуге үнемі үйрету қажет. Осы мақсатта Павлодар облысының аумақтық кәсіподақтар бірлестігі еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, келісім комиссиясының жұмысы, медиация, еңбек заңнамасы бойынша семинарлар өткізеді», – деп атап өтті өз сөзінде Д.Айтжанова.

Әлеуметтік әріптестікте қоғамдық кәсіподақ жұмысын құру және Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы қызметінің стратегиясында белгіленген міндеттерді орындау туралы Павлодар облысы электр энергетикасы қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының төрайымы С.Зеленова айтып берді.

«Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ кәсіподақ комитетінің төрағасы С.Тимошенко еңбек ұжымының ағымдағы жұмысы және кәсіподақ қызметі мәселелерімен бөлісті.

«Қызметкерлердің көлік қолайлылығы үшін өзекті мәселелердің бірі әлеуметтік әріптестік деңгейінде талқыланатын қалалық автобус бағыттарында қосымша автобус бірліктерін бөлу туралы мәселе ашық күйінде қалып отыр», – деп бөлісті С.Тимошенко.

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы С.Галеева кездесуге қатысушылардың назарын еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың қызметіне және оларды мүмкіндігінше Павлодар облысы кәсіподақтарының аумақтық бірлестігі алаңында кәсіпорынға барып оқыту қажеттілігіне аударды.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Заң клиникасы филиалының басшысы М.Иванова ҚРКФ Заң клиникасы филиалы мен «Татуласу орталығының» азаматтардың өтініштерін қарастыру, жедел желі жұмысы, келісу комиссиясы мен кәсіподақ активінің мүшелерін оқыту жөніндегі жұмысы туралы айтып берді. Жұмыс тобының мүшесі ретінде ҚРКФ еңбек заңнамасын жетілдіру арқылы халықтың табысын арттыру бойынша ұсынған ұсыныстары туралы айтты.

Кездесуге қатысушылар әлеуметтік әріптестік жылындағы қоғамдық қызмет пен өзара іс-қимыл перспективаларын талқылады.