Еңбек ұжымдарымен кездесулер жалғасуда

Батыс Қазақстан облыстық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бас маманы-ұйымдастырушысы Марина Темірғалиева мен Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Орал қалалық комитеті Филиалының төрағасы Төлеген Темешев №23 Круглоозерный бөбекжайында болып, ұжыммен кездесті.

Ұжымда 40 қызметкер жұмыс жасайды.

Жиналысты балабақша директоры Светлана Джумахаева ашты. Кейін сөз алған Батыс Қазақстан облыстық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының бас маманы-ұйымдастырушысы Марина Темірғалиева бөбекжай ұжымымен әлеуметтік-еңбек қатынастары туралы ақпаратпен бөлісіп, жиынға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Батыс Қазақстан облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы Орал қалалық комитеті Филиалының төрағасы Төлеген Темешев пен заңгер Гүлжанат Құрманғазиева ҚР заңнамаларында болып жатқан өзгерістермен таныстырып, кәсіподақ мүшелерінің құқықтық қорғалуы, олардың әлеуметтік тұрғыдан лайықты қамтамасыз етілуі және еңбек дауларының алдын алу мен оларды шешу кәсіподақтардың негізгі жұмысы екендігі туралы айтты.

Қызметкерлер кәсіподақтың жұмысы және еңбек қатынастарына қатысты көптеген сұрақтар қойып, оған толыққанды жауаптарын алды.