Үздік медицина қызметкерлері марапатталды

“SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ Қостанай облыстық филиалы “Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы” ММ бірлесіп Денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлері үшін салтанатты іс-шара өткізді.
Салтанатты іс-шараға қатысқан Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов пен Денсаулық сақтау басшысының м.а. Мадина Қасенова облыстың медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, өңірдің үздік медицина қызметкерлерін үкіметтік наградалармен марапаттады.


“SENIM” Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы” РҚБ Қостанай облыстық филиалының төрағасы Татьяна Булгацевич құттықтау сөзін білдіріп, республикалық салалық кәсіподақ төрағасы Сапарбек Дүйсеновтің  атынан төсбелгілері, грамоталар және алғыс хаттар табыс етті.
Жиынға қатысушылар әрбір марапатталушыға жылы қошемет көрсетті. Салтанатты шара мерекелік концертпен аяқталды.