«Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігіне қарасты «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-гі бастауыш кәсіподақ ұйымы ұжым қызметкерлерін әлеуметтік маңызы бар өнімдермен қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөліп отыр. Бүгінде кәсіпорынның бастауыш кәсіподақ ұйым мүшелеріне күнделікті тұрмыстағы азық-түлік тауарлары төмен бағамен үйлестірілуде. Жұмысшыларға ұсынылып отырған азық-түлік себеттерінде бүгінгі таңда жоғары сұраныстағы тауар түрлері – қант, жарма, күнбағыс майы бар. Мұндағы сатылымдағы тауарлардың құны нарықтық бағадан 20%-ға төмен.
«Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-гі бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Гүлнұр Сүйіндікованың айтуынша, қазіргі таңда елімізде қант тапшылығына қарамастан мекеме қызметкерлерін қантпен және басқа да жоғары сұранысқа ие тауар түрлерімен төмен бағада қамтамасыз етуге, әлеуметтік көмек ретінде бастауыш кәсіподақ ұйымы барынша ықпал етуде.
Айта кетейік, 2021 жылдан бастап кәсіпорында бастауыш кәсіподақ ұйымының бастамасымен мекеме қызметкерлерін нарықтық құны 20%-ға төмен бағадағы азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша бағдарлама ендірілген болатын. Сол уақыттан бері кәсіподақ мүшелері азық-түлік тауарларын төмен бағада тұтынуда. Осы бағдарлама аясында ағымдағы жылға кәсіподақ мүшелеріне 15 тонна – қант, 6 тонна – макарон, 11 тонна – күріш, 18 000 литр – күнбағыс майы, 15 тонна – ұн , 3 тонна – алма, 15 тонна – картоп, 10 тонна – пияз, 6 тонна – кәмпит, 1 тонна – сабын нарық бағасынан төмен бағамен таратылуда. Сондай-ақ, бүгінде мекемеге қарасты жеңілдіктер жүйесі бойынша азық-түлік дүкені жұмыс істеп тұр.