«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен қалалық әкімдікте «23 маусым – Мемлекеттік қызметші күні» атты мерекелік жиын өтті.
Өткізілген іс-шарада Шымкент қаласының әкімі аппараты басшысының орынбасары Ілияс Қаланов және «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі Серік Әуесханов құттықтау сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметтегі абыройлы міндеттерін мүлтіксіз атқарып, тәуелсіз мемлекетіміздің тіреуі болып, халықтың сенімін ақтай беруге тілек білдірді.
«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мирболат Жақыповтың құттықтау хаты оқылып, салалық кәсіподақтың белсенді мүшелеріне марапаттар тапсырылды.
Қазіргі уақытта Шымкент қаласы бойынша салалық филиалдың құрамындағы 47 бастауыш кәсіподақ ұйымында 2,5 мыңнан астам адам мүшелік етуде. Бұл көрсеткіш жылдан жылға өсіп, кәсіподаққа деген сенім күн санап артып келеді. Тек ғана 2021-2022 жылдары 34 мемлекеттік мекемеде бастауыш кәсіподақ ұйымдарын ашылып, оған 1700-ге жуық адам кәсіподақ мүшелігіне тартылған.
Филиал құрамындағы кәсіподақ ұйымы бар барлық мекемелерде жұмыс берушілері мен кәсіподақ ұйымы арасында бес жылға арналған ұжымдық шарттар жасалып, мемлекеттік еңбек инспекциясынан тіркеуден өткен және еңбек дауын шешуге байланысты мекемелерде тәртіптік кеңестері мен келісу комиссиялары жүйелі жұмыс жасауда.