ҚРКФ төрағасы Кәсіподақ көшбасшысы мектебінің түлектерін құттықтады

   

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Орталық кеңсесінде Кәсіподақ көшбасшысы мектебінің (ККМ) тыңдаушыларының алғашқы шығарылымы өтті. Тыңдаушыларға Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының оқыту, зерттеу және дауларды шешу орталығында кәсіподақ көшбасшысы мектебін бітіргені туралы куәлікті ҚРКФ төрағасы Сатыбалды Дәулеталин табыс етті.

Кәсіподақ көшбасшысы мектебінің алғашқы тыңдаушылары еліміздің бес аймағынан: Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарынан Білім және ғылым қызметкерлері республикалық салалық кәсіподағының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының 96 төрағасы болды.

 

Мектептің алғашқы түлектеріне жылы лебізін білдірген Сатыбалды Дәулеталин кәсіподақ қозғалысының құндылығы оның қатарларының бірлігі мен ынтымағында екенін, ал кәсіподақтың қарапайым мүшелерінің мүдделері мен құқықтарын қорғаудың тиімділігі кәсіподақ белсенділерінің көшбасшылық қасиеттеріне байланысты екенін атап өтті.

«Кәсіподақ жетекшілері қандай дағдыларға ие болуы керек, олар не істеуі керек – бұл өте маңызды мәселе. Жалпы, көшбасшылар туралы айтатын болсақ, кәсіподақ жетекшісі – ұйымның өзінде үлкен беделі мен ықпалы бар адам. Сіздің алған дағдыларыңыз әрі қарайғы қызметіңізде көмектеседі деп сенемін. Білім беру – ҚРКФ-ның басым бағыттарының бірі. Бүгінде кәсіподақ жетекшілері бәсекеге қабілетті болуы керек»,-деді ҚРКФ төрағасы.

Сатыбалды Дәулеталин бастауыш кәсіподақ ұйымы жалпы кәсіподақ қозғалысының негізі және жұмыс істейтін адамның басты тірегі болып табылатынын атап өтті.

«Кәсіподақ бүгінде жұмыскерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғаумен кәсіби түрде айналысатын бірден-бір ұйым болып табылады. Жаңа Қазақстан – тыңдай да, ести де білетін демократиялық мемлекет. Ал, кәсіподақтар – ең демокартиялық ұйым, онда барлық шешімдер алқалы түрде, барлық қатысушылардың пікірлері ескеріле отырып қабылданады. Сондықтан  кәсіподақ елдегі барлық қоғамдық-саяси өзгерістердің локомотиві болуы керек»,-деді ҚРКФ басшысы.

Өз кезегінде, Білім және ғылым қызметкерлерінің республикалық салалық кәсіподағының төрағасы Айгүл Мұқашева Кәсіподақ көшбасшысы мектебін құру бастамасы үшін ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасына алғыс айтып, аталған білім беру жобасының өзектілігін атап өтті.

«Кәсіподақ жетекшілері мен белсенділерінің білімі мен біліктілігін үнемі жетілдіріп отыру қажет. Кәсіподақ көшбасшылары мектебінің ашылуы өте дер кезінде ашылып, оқу бағдарламасы біздің бастауыш кәсіподақ ұйымдары үшін маңызды»,-деді Айгүл Мұқашева.

Кәсіподақ көшбасшылары мектебі туралы тыңдаушылардың өздері де ой бөлісті. Ақмарал Жұмаділова, Талғат Ешмұханов және Наталья Великодная Мектептегі оқу-тәрбие үдерісінің тиімділігіне тоқталып, әріптестеріне алған білімдері мен дағдыларының барлығы бастауыш ұйым мүшелерінің мүдделерін қорғауға көмектесетініне сендірді.

Айта кету керек, Кәсіподақ көшбасшысы мектебі Кәсіподақтар федерациясының жаңа білім беру жобасы болып табылады. Бірінші курсқа тыңдаушыларды таңдау олардың соңғы жылдары, яғни 2019-2022 жылдар аралығында кәсіподақ ұйымдарының басшылары болып сайлануын ескере отырып жасалды.

Жоба авторы, ҚРКФ Оқу орталығы директорының орынбасары Ләззат Есжанова әзірлеген білім беру курсы 36 сағаттан тұрады және келесі тақырыптар оқылды: Қазақстанда және әлемде кәсіподақ қозғалысының даму тарихы; кәсіподақтар қызметінің құқықтық негіздері мен кепілдіктері; ҚР Кәсіподақтар федерациясының 2020 2025 жылдарға арналған “Әділеттілік пен дамуға бірлікте” стратегиясы; әлеуметтік әріптестік, ұжымдық шарттар; ұйымдастыру жұмысы; қаржылық жұмыс; ақпараттық жұмыс; конфликтология және оның туындауының алдын алу, еңбек даулары мен жанжалдарын басқару және шешу; еңбек заңнамасын қолдану тәжірибесі.

Дәріскерлер қатарында ҚР Кәсіподақтар федерациясы аппаратының басшылары мен қызметкерлері: төрағаның орынбасарлары Г.А.Жұмагельдиева, Н.С.Өтешев, құрылымдық бөлімшелердің басшылары С.К.Кенжеболатов, Г.Ә.Қаракөзова және сарапшылар А.А.Ибраева, М.М.Иман, Ә.Б.Молдағалиева, Н.К.Досымов, Л.Б.Сақтағанова  сөз сөйледі.

Барлық тыңдаушылар босатылмаған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары екенін ескере отырып, оқыту аптасына екі рет онлайн режимінде өткізілді.

Әрбір оқылған тақырып жұмыс тәжірибесінен кейстермен, сұрақтарға жауаптармен, өткен материалды бекіту мақсатында негізгі ойларды қайталаумен сүйемелденді.

Кәсіподақ көшбасшысы мектебі тұрақты негізде жұмыс істейтін болады. Қыркүйек айында тыңдаушылардың жаңа курсын қабылдау жоспарлануда.

 

ҚР Кәсіподақтар федерациясының Медиаорталығы